Новости Атырау - Мунайлы Астана

      24 наурыз 2019, 16:05
        PR 13.11.2013, 18:17 0 пікір 2622 просмотров

        Қазақтығымызды танытпасақ, түкке тұрмаймыз!

        Байқауға қатынасуға тілек білдірген 100 үміткердің тек 12-сіне ғана ақтық сынға жолдама берілген. Арулар хореографтардан сабақ алып, бір ай бойына қызу дайындықтан өткен.Сұлулардың байқауын «Диал» сән агенттігі ұйымдастырып, «Кербез» әйелдер киім салоны мен «Violet» lounge bar мейрамханасы демеушілік жасаған. Байқау шарттарына сәйкес қатысушылар өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Дәл осы өнер сайысында талапкерлер таланттарымен тәнті етті. Сахнада балеттен бас-талып, заманауи көше билері де орындалды. Байқауды қорытындылаған қазылар алқасы шешіміне сай Лаура ҚҰМАРОВА ІІІ-ші вице-Мисс, Айжамал ЕРЕЖЕП ІІ-ші вице-Мисс, Калима ШӨПЕНОВА І-ші вице-Мисс атанды. Ал «Мисс Батыс Қазақстан» атағын Адиля ТҰРЖАНОВА иеленді.  Көпшілікті ажарымен, талантымен тәнті еткен Назерке ФАЙЗУЛЛИНА «Мисс Атырау - 2013» титулын жеңіп алды. 17 жастағы Назерке ФАЙЗУЛЛИНАНЫҢ бұл алғашқы жеңісі емес. Ол 2009 жылы «Кішкентай Мисс Қазақстан» атанған. Биылғы жылдың ең сұлу аруын анықтау ғаламторда дауыс беру арқылы жүзеге асты. Назерке Файзуллина 6046 жанкүйердің дауысымен «Қазақстан аруы» байқауында Атыраудың намысын қорғайтын болды.Аймақтық сұлулық байқауында арулардың келбеті мен таланттары бір-бірінен асып түсіп жатты. Қатысушылар тіпті суға түскенде киетін киім үлгісін сахнада көрсетуге де тайынбады. Байқаудың дәл осы шарты жиналған көпшілікке ерсі көрінгендей болды. Себебі, сахнада сынға түсіп жатырған аруларды қолдап-қолпаштауға ата-ана, туыстары көп жиналды. Аруларымыз болса олардың алдына ашық-шашық киіммен шығуға мүлдем қаймықпады. Байқау қазақ қыздарының қатынасуымен қазақ сахнасында өтті, көрермен болған да өзіміз. Бірақ байқау шарттарында қазақтығымызды танытатын бір дүние байқамадық. Сөз жоқ, байқау әдемі өтті. Бәлкім ұлттық киімдерімізді де назардан тыс қалдырмауымыз керек пе еді?

        Арай НҰҒЫМАНОВА

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         __   _      ___      _____    __   __    _  _   
        | || | ||   / _ \\   |__  //   \ \\/ //  | \| || 
        | '--' ||  / //\ \\    / //     \ ` //   |  ' || 
        | .--. || |  ___  ||  / //__     | ||    | .  || 
        |_|| |_|| |_||  |_|| /_____||    |_||    |_|\_|| 
        `-`  `-`  `-`   `-`  `-----`     `-`'    `-` -`  
                                                         
        
         
        Наверх