Новости Атырау - Мунайлы Астана

      23 января 2019, 2:01
        Денсаулық 27.11.2013, 16:25 2 пікір 4201 просмотров

        «Тамақ салқын болды...»

        -Бізді мектеп асханаларында балаларды тамақтандыру мәселесі толғандырады. Балаларымыз сабақтан келгенде «салқын болғасын, тамақ ішкен жоқпын» дегенді жиі айтады. Мемлекеттің өзі арнайы қаржы бөліп, бала денсаулығын бірінші кезекке қойды. Ал көпшілік мектептердегі асхананы жеке кәсіпкерлер жалға алып отырғанын білеміз. Ендеше, олар өзіне қойылған талапты неге орындамайды? Мұнда дайындалатын ыстық тағам-дардың сапасына кім бақылау жүргізеді? – дейді олар. Алдымен Жұмыскер ауылындағы И.Тайманов атындағы орта мектепке маңдай тіредік.  Бұл мектепте 1215  оқушы білім алуда. -Былтырғы оқу жылынан бас-тап біздің мектептің бастауыш сыныптарында 294 оқушы күніне 165 теңгенің ыстық тамағын ішеді. Одан бөлек 5-ші, 9-шы сыныптар аралығында аз қамтылған отбасылардан шыққан 14 оқушы да ыстық тамақпен қамтылады. Біз ең алдымен, тамақтың сапасына ерекше мән береміз. Кәсіпкерлерге де қояр талабымыз осы. Ал ас мәзірін Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бекітеді. Астың қалай әзірленгендігін өзім де, медбике де бақылайды. Ата-аналардың да қалаған уақытында қадағалауға мүмкіндігі бар, - дейді И. Тайманов атындағы орта мектептің директоры Гүлшат САХИҚЫЗЫ.Келесі бет алғанымыз Ғ. Мүсірепов атындағы №5-ші орта мектеп болды. -Біздің мектепте 1 мен 4-ші сынып аралығында 385 бала түске дейін және түстен кейін бір мезгіл ас ішеді. Оның ішінде 24-і аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар. Ыстық тамақтың берілу жайын қадағалау жөнінде арнайы комиссия құрылып, олар тамақтың сапасын үнемі тексеріп отырады. Ал мектеп асханасын жалға алып отырған жеке кәсіпкердің баласы осы мектепте білім алады. Сол үшін де ол балаларды уақтылы тамақпен қамтып, ас мәзірін Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы арнайы бекіткен мәзірге байланысты түрлендіріп, дайындауда, - дейді Ғ. Мүсірепов атындағы №5-ші орта мектептің директоры Баянсұлу КАПЕТОВА.Қаладағы қай мектепке бет алсақ та, барлығынан осындай біркелкі жауап естідік. Ал оларды қадағалайтын, үнемі тексеріп тұратын Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы не дейді?- 2012-2013 оқу жылдарында мектеп оқушыларын сапалы ыстық тамақпен қамту нәтижесінде, қаламыздағы 54 мектептің 1-ші және 4-ші сынып оқушылары, барлығы 21057 оқушы мектеп асханасынан тамақтанады. Осы жылдары барлық жалпы білім беретін мектеп асханаларындағы технологиялық құралдар жаңартылып, асханалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Күрделі жөндеуден өткен мектеп асханалары: №4, №5, №8, №9, №10 және Ломоносов, Абай мектептері. №18–ші мен Алтынсарин мектептерінің ғимараты жаңадан салынуда. Сол секілді 20 мектептің асханаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалған мектеп асханаларына ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Үстіміздегі жылдың қазан айында Атырау қалалық мемлекеттік-санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мамандарымен бірлесе, қаламыздағы мектеп асханаларына жоспарлы түрде 1 ай бұрын тексеру жүргізілетінін арнайы хабарлап, тексеру жүргізгенбіз. Арнайы хабарлап, тексергеннің өзінде №2, №5, №12, №13, №16, №28, №31, №32, Ғ. Мұратбаев, Б. Нысанбаев, Ә. Жангельдин, Абай атындағы, мектептер де асхана үстелдері тиісті белгімен таңбаланбай, дезинфекциялық ұнтақтарын дозалайтын мөлшерлі ыдыс болмаған, ыдыс жуу мүкәммалдары таза емес, асханалық ыдыстарының жиектері сынған, асхана қызметкерлерінің жеке гигиенасы сақталмаған, ыдыс жуу туралы нұсқаулық ілінбеген болып шықты. Аталмыш мектептерді жалға алған 13 жеке кәсіпкерге 8655 теңге, 2 жеке кәсіпкерге 13848 теңге көлемінде айыппұл салынып, аталған кемшіліктерді жою мақсатында нұсқама берілді, - дейді Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы Айнұр НҰРҒАЗИЕВА. Қалалық білім бөлімінің басшысы Алпамыс ХАСАНҰЛЫ болса, мектепте асхананы жалға алушылардан талап етілетіні-санитарлық ережелерді сақтау екендігін баса айтты. Оның пікірінше, асхананы жалға алған кәсіпкерлер балаларға ең сапалы, ең құнарлы тағам беруді басты жауапкершілігі санауы тиіс. Егер жалға алушы талаптарға бағынбай, тексеру кезінде ата-аналар тарапынан түсетін шағым расталып, кемшіліктерге жол берілетін болса, мектеп директорлары мен жалға алушылар арасында жасалған келісім-шарт бұзылады. 


        P. S. Мамандар балаларды дұрыс тамақтандыру - олардың денсаулығын нығайтумен қатар, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді дейді. Яғни дұрыс, сапалы тамақтану арқылы баланың сабаққа ынтасы артады. Егер бала құнарлы тамақтанбаса, онда организмде зат алмасу процесі бұзылады.

        Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,Сурет автордыкі

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          ______    _____    __   _    _    _    __   __  
         /_   _//  |  ___|| | || | || | || | ||  \ \\/ // 
         `-| |,-   | ||__   | '--' || | || | ||   \   //  
           | ||    | ||__   | .--. || | \\_/ ||   / . \\  
           |_||    |_____|| |_|| |_||  \____//   /_//\_\\ 
           `-`'    `-----`  `-`  `-`    `---`    `-`  --` 
                                                          
        
         
        Наверх