Новости Атырау - Мунайлы Астана

      21 ақпан 2019, 19:00
        Аймақ 27.11.2013, 16:33 0 пікір 1734 просмотров

        ЖАРЫҚҚА ЖАРЫМАҒАН АУЫЛ

        Жайық бойынан қоныс теуіп, жайлы өмір сүргісі келгендердің жағдайы мүшкіл. Мұндағы тұрғындардың талап-тілектерінің орындалатын түрі жоқ. Билік басындағылар арыз-шағым түсіргендерімен «жасалады» деген жалған сөзді естіп келеді, Береке ауылының тұрғындары. - «Шыдамның да шегі болады емес пе?». Қашанғы мылқаудың күйін кеше бермекпіз. «Айтпаса сөздің атасы өледі» деген. Айтпасымызға болмады. Жарықтың жыры жетіп болды. Бірақ, бұған құлақ асып отырған тірі пенде жоқ. Жолыға қалсақ, «әні-міне боладымен» сағызша созып келеді. Ойлап қараңыздаршы, қаланың іргесінде отырған ауылдың жарығы жарытусыз дегенге кім сенеді? Балаларымыздың сабаққа барарында киімдерін үтіктей алмай дал боламыз. Үтік қоссақ сығыраңдаған жарығы болғыр өшіп қалады. Бұл жерде ел отыр екен-ау, деген ешбірі жоқ. Жарықтың мәселесін жыр қылмай-ақ әлдеқашан шешетін уақыты болған еді ғой, -деп ренішін білдірді Береке ауылының тұрғыны Бауыржан НҰРҒАЛИЕВ. Береке ауылының жолдары ойдым – ойдым шұрқ тесік. Автобустары да межелеген жеріне тұрғындарды жеткізбейтін көрінеді. Сондай-ақ, күн қабағын түйіп, аспан жасын төккен күні тіпті көлік атаулы жүре алмайтын жағдайда екен. Мұны тұрғындармен тілдесуде сөз ауанынан аңғардық. - Жолдың проблемасы жауыр болған әңгімеміздің бірі. Жаңбыр жауған күні балшықтан көліктер жүре алмайды. Ал, автобустар әлі күнге діттеген жерімізден яғни, соңғы аялдамадан түсіруге құлықсыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай жарық мәселесі күрделі болып тұр. Артық ауыс тоқ көздерін пайдалана алмай келеміз. Бірін іске қосар болсақ, тоқ көзінің әлсіздігінен өшіп қала береді. Ел егемендікке қол жеткізген уақытта жарыққа жарымай келеміз. Жаңадан жер алып, үй салғалы алдымызға 4-5 жыл болса, кейінгілерімізге 2-3 жыл болды. Жарығымызды бүтіндеп берсе деген өтінішіміз бар, -деді ауыл тұрғыны Дабыл АМИТОВ. Жарықтан қиналған тұрғындар мәселесін Алмалы селолық округінің әкімі Қайрат ҚОЙШЫҒАЛИҒА айтқан едік. Ол: - Береке ауылындағы тоқ көзінің жарытусыз екендігін жақсы білеміз. Бірақ, биылғы жылы болады деп айта алмаймын. Себебі, бұл мәселе бұрыннан да айтылып келеді. Бұйырса келер жылы толық шешімін табады деп айта аламын. Биылғы жылы ақшасы қаралды. Қазіргі күнде сметалық жобасы жасақталу үстінде, -деді. Қайраттың берген мәліметіне сүйенсек, 1100-дей тұрғыны, 230-дай отбасы бар ауылдың қазіргі таңда тоқ көзін толық алып отырғандары 120 түтін екен. Сонда жартысы сол жаңағы тұрғындар айтқандай жарытусыз жарықты тұтынып отырғандар. Биылғы жылан жылында жарыққа қарық болмағандар келер жылқы жылында жақсылыққа қол жеткізеді деп сенейік. 

        Асан ҚАСАН Суреттер автордыкі

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          _____      ___     __   _    _    _     _____   
         / ____||   / _ \\  | || | || | || | ||  /  ___|| 
        / //---`'  | / \ || | '--' || | || | || | // __   
        \ \\___    | \_/ || | .--. || | \\_/ || | \\_\ || 
         \_____||   \___//  |_|| |_||  \____//   \____//  
          `----`    `---`   `-`  `-`    `---`     `---`   
                                                          
        
         
        Наверх