Новости Атырау - Мунайлы Астана

      24 наурыз 2019, 16:01
        Қоғам 12.12.2013, 11:35 0 пікір 4784 просмотров

        Қытайлықтарды таң қалдырды

        Шин Жияң қаласының өнер академиясындағы жергілікті суретшілермен болған кездесу суретшіге ерекше әсер қалдырғаны байқалып-ақ тұр.- Қытайда өнерге ерекше мән береді екен. Біздер апарған туындыларға олардың қызыққаны соншалық, «Қазақстанда суретшілер қалай тұрады, мемлекет оларға қандай қолдаулар көрсетеді?» деген секілді сан-алуан сауалдарды жаудырды. Көрме аясында өткізілген семинарға 40-тан аса жергілікті суретшілер қатысса, екі күннің ішінде көрмені тамашалауға 10 мыңға жуық адам келіпті. Байқағанымыз, Қытайда тұратын бауырластарымыз ұлттық қолөнердің құндылықтарын сақтап, әлі күнге дейін киіз басып, түксіз кілем тоқиды. Күні бүгінге дейін тарихи отандарының тұрмыстық салт-дәстүрлерін қатаң сақтап, ұлттық тағамдарды әзірлейді. Осылардың барлығы жергілікті суретшілердің туындыларында көрініс тапқан,-дейді Камилла ЖАПАЛОВА.Суретшінің матаға бүркіп салған батика өнеріне қытайлықтар ерекше назар аударған. Себебі оларда бұл сурет салу техникасы жоқ екен.- Батика өнері қытайлықтарды мұнша таңқалдыратынын білмеппін. Себебі, ең алғаш рет жібек матада көркем көріністі бейнелеу осы Қытайда дүниеге келген-ді. Бірақ, Индонезия, Пәкістан елдеріне кең тараған бұл өнер түрі өз Отанында жоғалып кеткен,- дейді суретші.Кездесу соңында студенттердің, суретшілердің қызығушылығын байқаған Қытайдағы қазақтардың мәдениет ұйымының басқарма бастығы Камилла ЖАПАЛОВАНЫ алдағы уақытта Қытай еліне келіп, жергілікті суретшілер мен студенттерге екі-үш айға мастер-класс өткізуге ұсыныс білдіріп, шеберлік дәрісін өткізуге шақырған.

        Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         __   _     _____     _____      ___     _    _   
        | || | ||  |  ___||  |__  //    / _ \\  | |  | || 
        | '--' ||  | ||__      / //    / //\ \\ | |/\| || 
        | .--. ||  | ||__     / //__  |  ___  |||  /\  || 
        |_|| |_||  |_____||  /_____|| |_||  |_|||_// \_|| 
        `-`  `-`   `-----`   `-----`  `-`   `-` `-`   `-` 
                                                          
        
         
        Наверх