Новости Атырау - Мунайлы Астана

      25 маусым 2019, 4:36
        Аймақ 23.12.2013, 17:49 0 пікір 2577 просмотров

        БЕКЕТ АТА БАЛШЫҚҚА БАТТЫ

        Он жылдан бері Бірлік-2 ауылынан тұрақ тепкен жандардың бүгінгі жанайқайы жан дүниеңді шымырлатады. Балаларын мектепке жеткізе алмай отырған Бекет ата көшесінің тұрғындары бүгінгі билікке наразы. Себебі, он жылдан бері жолдың жайсыздығын біле тұрса да бүйірлері бүлк етпеген биліктің басы ауырып, балтыры сыздамағанын айтады, бірауыздан.

        - 2003 жылдан бері жерімізді алып, үйімізді салғанымызбен жүретін жолы жоқ. Көріп тұрғандарыңыздай балшыққа белшеден батып отырмыз. Не жаяу адам, не көлік жүре алмайды. Балаларымызды мектепке жеткізудің өзі мұң болып тұр. Бұл мәселе жөнінде әкімшіліктің табалдырығын тоздырдық. Алайда, құлақ асып отырған ешкім жоқ, -дейді Бекет ата көшесінің тұрғыны Бекболат ШОНАШЕВ.

        - 10 жылдай уақыт болды, көріп келе жатқанымыз осы. Билік өкілдеріне хат та жазып, аяқтай да барғанбыз. Бірақ, әлі күнге нәтиже болмай тұр. Сондай-ақ, бізге жедел жәрдем келе алмайды. Ауырған адамдарды арқамызға салып, апаратын сәттер болды. «Қыстың көзі қырауда» демекші, қыстың ортасында мынау балшықтан арыла алмай отырмыз. Көктемгі уақытты тіптен тілге тиек етпеуге болады. Себебі, қыстағы балшық көктем кезінде бұдан да зор болатынын жақсы білесіздер. Осы қиындықтан құтқарса екен деген билікке айтар өтінішіміз бар, -деді Бекет ата көшесінің тұрғыны Ғарифолла ЖҰБАНОВ.

        Белуардан балшыққа батып, көліктерін қолмен тартып шығарып алып жүрген Бірлік-2 ауылының тұрғындары ашулы. Неге десеңіз, тұрғындар баба атына берілген көшенің ажары кірмей тұрғанына қапалы. Балшыққа батқан Бекет ата көшесіне бүгінгі билік бас қатырса игі болар еді.

        Асан ҚАСАН

        Сурет автордыкі

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         __   __     ___     _    _    __   __    ______  
         \ \\/ //   / _ \\  | \  / ||  \ \\/ //  /_   _// 
          \   //   | / \ || |  \/  ||   \ ` //     | ||   
          / . \\   | \_/ || | .  . ||    | ||     _| ||   
         /_//\_\\   \___//  |_|\/|_||    |_||    /__//    
         `-`  --`   `---`   `-`  `-`     `-`'    `--`     
                                                          
        
         
        Наверх